Селеу (лат. Aristida) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір жылдық өсімдіктер.

Оңтүстік-батыс өңірлерінің шағылды-төбелі құмдарында өседі. Биіктігі 30 – 40 см. Гүлшоғыры бытыраңқы жапырақ қынабымен қабысқан. Бұтағы қабыршақты, қауырсын тәрізді. Масақтанғанша – мал азығы. Мамыр – маусым айларында гүлдейді. Масағының ұзындығы 2 см-дей. Селеудің құм тоқтатудағы маңызы зор.