Борщов қызғалдағы (Tulipa borszczowii)
Борщов қызғалдағы - лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын көп жылдық жуашықты шөптесін өсімдік. Пиязшығы көпжылдық, ұзындығы 25 см дейін. Пиязшығының құрылысы және жалпы сыртқы түрі бойынша Бем қызғалдығына ұқсас. Солмайтын, қауызынан шығып тұратын гүл шоғыры, гүлдерден асып тұратын немесе жететін жапырақтарымен, сондай-ақ жер үсті бөлігінің жер асты бөлігінен бір жарым – екі есе қысқа болуымен айрықшаланады. Гүлі ұзындығы 6 см, түбі жапырақшаларының ішінен қатты көрініп тұратын және екі жағынан да жақсы байқалатын сары немесе сары-қызыл, күлгін немесе ақшыл көк – қоңыр дақтары бар сары, қызғылт – сары немесе қызғылт – сары – қызыл жалпақ. Аталық жіптері қара, кейде қызыл ұшты, тозаңқабы күлгін немесе сары. Жемісі – ұзындығы 4,5 см дейін және ені 2 см жұмырланған қауашақ.
Сәуір- мамыр айларының соңында гүлдейді, мамыр – маусым айларының соңында жеміс береді. Тұқымнан көбейеді, сирек вегетативт. Құмды және саз балшықты – құмды, сирек – аз тастанған шөлдерде, шоқылар мен шыңдардың орманды етектерінде өседі. Қазақстанның эндемигі, Арал маңы, Қызылқұм және Бетпақдаланың Батыс бөлігінде таралған. Шығыста Сырдария Қаратауының солтүстік етектеріне (Қызылкөл және Ақкөл маңайы) дейін жетеді. Таралу аймағының осы бөлінігде Бем қызғалдағының ауыспалы (мүмкін гибридті) түрі кездеседі.
Сәндік, ылғал мен майға төзімді және азықтық өсімдік.
Сирек эндемикалық түр ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
https://barsakelmes.kz/kz/bioaluant-rlilik/simdikter-lemi/117-borshchov-yz-alda-y-tulipa-borszczowii.html#sigFreeId5867d55aee