Қара сексеуіл Haloxylon aphyllum
Ірі бұта, көбіне ағаш, кейде биіктігі 7-10 м дейін жетеді. Сексеуілдің діңі бұжыр, көп тармақталған, қабығы күңгірт сұр, үлкен ағаштардың диаметрі 50-70 см дейін болады. Жаңа бұтақтары жіңішке, ақшыл сұр, біржылдықтары – жасыл, қанық, шөптесін. Ірі ағаштардың бұтақтарының ұшы жоғарыдан төмен қарай салбырап тұрады. Гүлдері кішкентай, қос жынысты, жапырақ ілмешектерінің тостағанша тәрізді қолтықшаларында бір-бірден орналасқан.
Сәуір-маусымда, қыркүйекте жеміс салады.
Шөлдерде өседі. Сүзу қабілеті жоғары құмайт және балшықты сұр топырақта, әсіресе жерасты суы 5-30 м тереңдікте жатқан жерлерде өседі. Тақырларда және тақыр тәрізді сұр топырақта кездеседі, бірақ бұл жерде бұталары сирек болады.
https://barsakelmes.kz/kz/bioaluant-rlilik/simdikter-lemi/110-ara-sekseuil-haloxylon-aphyllum.html#sigFreeIda898565636