🌳 Бүгін Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне және "Парктер шеруі"-2024 акциясына орай тал отырғызу шарасын жүргізді. 🌳 Бұл — ел бойынша қолға алынып жатқан шара. Тұрғылықты жеріміздің тал-терегін жайқалтып, гүлмен көмкерілген баққа айналдырып, ауылымыздың ажарлы болуына үлес қосу кімнің болса да азаматтық парызы. 🌳 Іс-шараға Барсакелмес қорығы қызметкерлері мен "Биофлота" экологиялық клубының мүшелері қатысты.
. 🔹"Парктер шеруі" табиғат қорғау акциясы - Арал өңірінде 2000 жылдан бастау алып, "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесімен жүргізіліп келеді. "Парктер шеруі" табиғатты қорғау акциясы мектеп оқушылары мен жасөспірімдерді отансүйгіштік пен табиғатты аялауға, туған өлкесіне жанашырлықпен қорғауға тәрбиелеуге үлкен маңызға ие.