🌳Бүкіл әлемде 1971 жылы бекітілген Халықаралық орман күні немесе Орманды қорғаудың дүниежүзілік күні атап өтіледі.
🌳Бұл күнді бекіту бастамасын Еуропалық ауылшаруашылық конфедерациясы 1971 жылы 23-інші Бас Ассамблеяда ұсынды және бұл идеяны БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы қолдады.
🌳Орманды және оның байлықтарын қорғау бүгінде әлемнің барша елдері үшін басты экологиялық міндеттер қатарында тұр.
🔹Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы сексеуіл ормандарымен де әйгілі. Қорық Арал теңізі аймағында орналасқан.
🔹Барсакелмес қорығындағы сексеуіл ормандары аса құрғақ ортадағы ерекше экожүйенің сипаты болып келеді. Қорықтың орман қорының жалпы көлемі 56216 га, оның ішінде орманды алқаптар -33208 га.
🔹 Барсакелмес қорығында сексеуіл орманын қорғау және басқару осы бірегей табиғи ортаны сақтауда және оның болашақта тұрақтылығын қамтамасыз етуде басты рөл атқарады.