19 наурыз – Жаңару күні. Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады. Көктем – табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын мезгіл.

🌳 Осы күнге орайлатып, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы республикалық "Парктер шеруі"-2024 табиғат қорғау акциясының ашылу салтанатын өткізді. Іс-шара барысында қорықтың кеңсе-ғимаратына ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.

💚 "Парктер шеруі" акциясы мектеп оқушылары мен жасөспірімдерді отансүйгіштік пен табиғатты аялауға, туған өлкесіне жанашырлықпен қорғауға тәрбиелеуге үлкен маңызға ие. Сонымен қатар, жергілікті халық арасында табиғи ортаны ластамауға, дала және орман өрттерінің алдын алуға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында таптырмас құрал.