Бүгін - Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығына 84 жыл! Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы 1939 жылдың 10 желтоқсанында құрылған. Қорық 3 кластерлік аумақтан тұрады. Қорықтың жалпы аумағы 163126 га құрайды. Қорықта шөлейтті экожүйеге тән сексеуіл ормандары 56 мың га аумақты алып жатыр. Қорықтың биоәркелкілігі 325 түрлі өсімдіктер (5 түр Қызыл кітапта), 250 түрлі құстар (33 түр Қызыл кітапта), 28 түрлі сүтқоректілер (3 түр Қызыл кітапта), 2000 жуық энтомофауна өкілдерінен, 12 түр герпетофауна және 2 түр қосмекенділерден тұрады. Сонымен қатар, 22 түр ихтиофауна (4 түр Қызыл кітапта) өкілдері кездеседі