♻️ 2023 жылғы 2 маусымда Арал индустриалды-техникалық колледжінде «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-сі мамандары «Парктер шеруі – 2023» табиғат қорғау акциясы аясында колледж қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Акцияның мақсаты – қорықтар мен ұлттық парктерге қоғамдық қолдау көрсету. Кездесу барысында Барсакелмес МТҚ ғылым бөлімінің қызметкері Ж.Қалдығұлова қорықтың өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі туралы бейнетаныстырылым жасады. Қызыл кітаптың маңызы бойынша тақырыпқа шолу жасай отырып, табиғатты сақтаудағы адамзат алдындағы міндеттерге тоқталды. Табиғи және қолдан жасалатын апаттарды болдырмау шараларын түсіндірдіріп, жергілікті халық арасында табиғи ортаны ластамауға шақырды.