Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының ұйымдастыруымен республикалық "Парктер шеруі"-2023 табиғат қорғау акциясы аясында "Барсакелмес қорығының туристік потенциалын бағалау" атты танымдық-экскурсия жүргізілді. Іс-шараға Арал қаласының жастары қатысып, Барсакелмес қорығы мен қорыққа жақын аумақтардың табиғи жүйелері, тарихы мен мәдениетімен етене таныс болды.