Осы орайда, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының бас директоры Х.Қаниев қызметкерлерді құттықтай келе ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы жаңалықтар мен қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға жасалып жатқан жұмыстарды атап өтті. Сонымен бірге, еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау маңыздылығына аса тоқталды.
Мекеменің кадр инспекторы Р.Каладинова мен заңгері Ғ.Үмбетов: "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастырудың жолдары" және "Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі: құқықтары мен міндеттері" тақырыптарында баяндама оқыды.