Бұл күннің мақсаты-біздің табиғи әлеміміздің сұлулығы мен маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру және оны қорғау мен сақтаудың жолдарын табу.
Жабайы табиғатты қорғауға негізделген Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында 28 түр сүтқоректілер, 250 түр құстар, 12 түр герпетофауна өкілдері, 22 түр ихтиофауна өкілдері және 2000 астам жәндік түрлері кездеседі. Табиғаттың мұндай әркелкі көріністерінің арасында саны азайып, жойылып кету қаупінде тұрған түрлер де жоқ емес. Олар - құлан, қарақұйрық, шағыл мысығы және т.б.