«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің республикалық «Парктер шеруі»-2022 табиғат қорғау акциясы аясында ұйымдастырылған

«Туған өлке экологиясы: мәселелері мен шешу жолдары» атты оқушылардың зерттеу жұмыстары мен жобаларының сайысы

 

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1.1. «Туған өлке экологиясы: мәселелері мен шешу жолдары» атты оқушылардың зерттеу жұмыстары мен жобаларының сайысына қабылданатын жұмыстар төмендегі бағыттар бойынша жазылады:

  • Экология және адам денсаулығы
  • Қолданбалы экология
  • Флора экологиясы
  • Фауна экологиясы
  • Қуат көзін үнемдеу бойынша экологиялық жоба
    • Жұмыстың мазмұны:
  • кіріспе, онда қарастырылатын мәселенің өзектілігі көрсетіледі.
  • Қойылатын мәселені шешу үшін біреудің бұрын орындаған жұмысына талдау жасау;
  • Жұмыстың орындалған жері, уақыты, егер жұмыс ұжым блоып орындалса, оны көрсету;
  • Қолданылған әдістемеге қысқаша түсінік беріп, оның авторларына міндетті түрде сілтеме жасау;
  • Жүйеленген қортындысының статистикалық жағынан есептелген зерттеулердің нәтижелері, оларды талқылау;
  • Жұмыс бойынша негізгі қорытынды;
  • Жобаның негізін нақты пайдалану;
  • Пайдаланылған әдебиеттер;
  • Қосымша: фото, сызбалар, кестелер, статистикалық есептеулер, табиғи объектілер, видеофильмдер.
    • Әрбір жұмыспен бірге міндетті түрде жетекшінің осы зерттеу жұмысы немесе жоба туралы жазған сипаттамасы және маманның жазған пікірі болуы керек. Онда таңдап алған тақырыптың мақсаттылығы, автордың жұмысқа қосқан жеке үлесі, жетістіктері мен кемшіліктері көрсетіледі.
    • Конкурсты ұйымдастырушы – «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ.

 

  1. САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР
    • Арал ауданының мектеп оқушылары
    • Сайысқа 7-10 сынып оқушылары қатыса алады.
    • Оқушылардың жас санаттары:
  • 7-8 сынып оқушылары
  • 9-10 сынып оқушылары
    • Әр қатысушыдан тек 1 жұмыс қана қабылданады.

 

  1. ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ
    • Сайысқа жіберілген жұмыстар 2022 жылдың 20 мамырына дейін қабылданады.
    • Жұмыстар MS WORD форматында, 14 шрифт, 1 интервал, сол жағы – 2 см, оң жағы – 2 см, асты – 2 см, үсті – 2 см. Документтің аты қатысушының фамилиясы, сыныбынан құралады. Мысалы: Б.Әліпбаев,7 сынып.docx
    • Жұмыстардың рәсімделуі. Жұмыстың бірінші бетінде қоюланған бас әріптермен жұмыстың тақырыбы ортадан реттеу арқылы, астына қатысушының аты-жөні, мектебі, сыныбы, астына ауданы, қаласы, ауылы ортадан реттеу арқылы жазылады. Бір жол тастап жетекші мұғалімі, жұмыстың аннотациясы, өзектілігі, қолданылатын сөздер, жұмыстың барысы.

 

Мысалы:

«Арал өңіріндегі......»

 

Б. Әліпбаев, №55 мектеп, 7 сынып

Арал ауданы, .... елді мекені

 

Жетекшісі:  Б.Б. Назарова, география пәні мұғалімі

 

Аннотация: .......

Жұмыстың өзектілігі: .......

Қолданылған сөздер: .....

.............................

 

  • Жобалар 20 беттен аспауы керек. Онда көрсетілген фото, сурет, диаграммалар анық әрі сапалы болуы тиіс.
  • Әр номинация бойынша 2 оқушы марапатталады.
  • Ұйымдастырушылар (жұмыстарды қабылдау, жеңімпаздарды анықтау және марапаттау) күндерін ауыстыру құқығына ие.

  1. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМДЕРІ

5.1. Жұмыстар 2022 жылдың 20 мамырына дейін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасына қабылданады. Электрондық хаттың тақырыбында ЖОБАЛАР САЙЫСЫНА деген белгілеуі болуы тиіс. Сонымен қатар, электрондық хатта хабарласа алатын байланыс нөмірі көрсетуі тиіс.

5.2. Сайыс 2022 жылдың 5 маусымында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының кеңсе-ғимаратында өткізіледі.

5.3. Қосымша ақпаратты +7 775 9 394 394 Алма, +7 775 272 77 80 Жұлдыз, +7 775 155 16 63 Фариза байланыстары арқылы алуға болады.