«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің республикалық

«Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясы аясында ұйымдастырылған

«Қызғалдақ» - 2022 облыстық фестивалі

 

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Конкурстың мақсаты : «Қызғалдақ» - 2022 фестивалі арқылы қоршаған ортаны қорғау, табиғатты сыйлау, экологиялық мәдениетті дамытуға жәрдемдесу. Арал теңізі өңіріндегі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген Борщов қызғалдағын сақтауға, осы арқылы қызғалдақтар мекені ретінде – Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының мәселелеріне қалың жұртшылықтың, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, қайырымдылық халықаралық қорлардың назарын аудару.  Отанға, табиғатқа патриоттық бастамаларды қалыптастыру.

1.2. Конкурстың бағыттары:

- Бейнелеу өнері (суреттер сайысы)

- Қысқаметражды фильм (компьютерлік графика, бейнелер, анимациялар және т.б.)

- Фотосурет (1 жұмыс - 3 дана фотодан тұратын фотосуреттер сериясы деп танылады) түсті және ақ-қара фотосуреттер сериясы.

1.3. Конкурсты ұйымдастырушы – «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ.

  1. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР
    • Қызылорда облысы мектеп оқушылары және студенттері
    • Қатысушылардың жас аралығы – 9-16 жас
    • Әр қатысушыдан 1 бағытқа 1 жұмыс қана (фотосуреттер сайысында 3 фотосурет сериясы ғана) қатыса алады.
    • Бейнелеу өнері және фотосурет сайыстарына қатысушылар жеке түрде қатысады, қысқаметражды фильм сайсына жеке немесе 3 адамнан аспайтын топпен қатысуға болады.

 

  1. КОНКУРС НОМИНАЦИЯЛАРЫ
    • «Ең үздік сурет»
    • «Ең үздік фильм»
    • «Ең үздік фотосурет»

 

  1. ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ
    • Конкурс онлайн-форматында өткізіледі.
    • Конкурсқа жіберілген жұмыстар 2022 жылдың 25 мамырына дейін қабылданады.
    • «Ең үздік сурет» номинациясы. Суреттер 20*30 (А3) және 40*60 (А2) форматтарында салынуы тиіс. Суреттер кез-келген материалдарда орындалған (ватман, қатырма және т.б.) және кез-келген техникамен салынған (май, акварель, гуашь, түрлі-түсті қарындаштар, фломастер) болуы мүмкін. Қатысушылар 2 жас санаттары бойынша бөлінеді: 9-12 жас және 13-16 жас аралығы. Жұмыстар қағаз нұсқада көрсетілген мекен-жай бойынша қабылданады. Бір қатысушыдан қабылданатын суреттер саны – 1 данадан артық болмауы қажет. Жұмыстың оң жақ бұрышында қатысушының аты-жөні, жасы жазылған жапсырмасы бекітілу қажет. Сонымен бірге, туындының атауы, автордың аты-жөні, жасы, жергілікті жері, мектебі және байланыс телефондары көрсетілген WORD форматында қосымшаны қоса толтырып өткізуі тиіс.

Бағалау шарттары: берілген тақырыпқа сәйкестігі; жоспардың ерекшелігі және көркемдік өнімділік деңгейі.

  • «Ең үздік фильм» номинациясы. Қысқаметражды фильмдердің ұзақтығы 2 минуттан аспауы керек. Жұмыс барлық шарттарға сәйкес болып, аяқталған фильм ретінде ұсынылуы керек. Жұмыстың форматы mpeg-4. Жұмыстар электрондық нұсқада көрсетілген мекен-жай немесе электрондық поштаға қабылданады. Бір қатысушы немесе қатысушы топтардан қабылданатын жұмыс саны – 1 данадан артық болмауы қажет. Жұмыс туындының атауы, авторлардың аты-жөні көрсетілген кіріспе титрлерден басталуы тиіс. Сонымен бірге, туындының атауы, автордың аты-жөні, жасы, жергілікті жері, мектебі және байланыс телефондары көрсетілген WORD форматында қосымшаны қоса толтырып өткізуі тиіс.

Бағалау шарттары: тақырыпты ашу, ақпараттарды көрермендерге жеткізу деңгейі; шығармашылық дизайнның ерекшелігі; өнімділік және шеберлігі; берілген тақырыпқа сәйкес келуі.

  • «Ең үздік фотосурет» номинациясы. Фотосуреттің форматы – JPEG. Көлденең жұмыстардың өлшемі – 1400 пиксель көлденеңінен, тік жұмыстар үшін – 1400 пиксель тігінен. Фотоның өлшемі 3 MB аспауы тиіс. Фотоның атауы, туындының латынша атауына сәйкес келуі керек (мысалы, Қызғалдақ әлемі – qyzgaldaq alemy.jpg). 1 жұмыс 3 фотолы сериядан тұрады. Жұмыстар электрондық нұсқада және қағаз нұсқада көрсетілген мекен-жай немесе электрондық поштаға қабылданады. Бір қатысушыдан қабылданатын суреттер саны – 1 данадан артық болмауы қажет. Сонымен бірге, туындының атауы, автордың аты-жөні, жасы, жергілікті жері, мектебі және байланыс телефондары көрсетілген WORD форматында қосымшаны қоса толтырып өткізуі тиіс.

Бағалау шарттары: берілген тақырыпқа сәйкестігі; жоспардың ерекшелігі және көркемдік өнімділік деңгейі.

 

 

  • Ұйымдастырушылар баспасөзде, интернет-басылымдарда сайысқа ұсынылған жұмыстарды жариялауға, сондай-ақ фестиваль қатысушыларының авторлық құқықтарына сілтеме жасай отырып, көрмелерде, соның ішінде халықаралық деңгейде пайдалануға құқылы.
  • Ұйымдастырушылар (жұмыстарды қабылдау, жеңімпаздарды анықтау және марапаттау) күндерін ауыстыру құқығына ие.

  1. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМДЕРІ

5.1. Жұмыстар 2022 жылдың 25 мамырына дейін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасына және Арал қаласы, Ж.Әлімбетов к-і, №1 үй мекен жайына (индекс 120103) қабылданады. Электрондық хаттың тақырыбында ҚЫЗҒАЛДАҚ ФЕСТИВАЛІНЕ деген белгілеуі болуы тиіс.

5.2. Конкурстың нәтижесі 30 мамырда Барсакелмес қорығының www.barsakelmes.kz сайтында және @barsakelmes39 Инстаграм парақшасында жарияланады.

5.3. Жеңімпаздарды марапаттау Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының кеңсе-ғимаратында 5 маусым күні жүргізіледі.

5.4. Қосымша ақпаратты +7 775 9 394 394 Алма, + 7 775 272 77 80 Жұлдыз, +7 775 155 16 63 Фариза байланыстары арқылы алуға болады.