«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің республикалық «Парктер шеруі»-2022 табиғат қорғау акциясы аясында ұйымдастырылған

«Табиғатым тамаша» әдеби конкурсы

 

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1.1. Конкурстың мақсаты : «Табиғатым тамаша» экологиялық әдебиеттік конкурсы арқылы қоршаған ортаны қорғау, табиғатты сыйлауды әдеби шығармалар көмегімен қалың жұртшылыққа жеткізе білу. Табиғат қорғау ісін әр адамның жеке принципі ретінде қалыптастыруға ықпал жасау.

 1.2. Конкурстың бағыттары:

- «Барсакелмес қорығының таңғажайып әлемі» тақырыбында  эссе жазу. (4 сынып оқушылары)

- «Табиғатым тамаша!» - мақсаттында өлен шумақтарын жазу. (6 сынып оқушылары)

- Барсакелмес қорығындағы өсімдік немесе жануарды пайдаланып ертегі құрастыру. (5 сынып оқушылары)

1.3. Конкурсты ұйымдастырушы – «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ.

  1. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР

 

  • Қызылорда облысы мектеп оқушылары
  • Оқушылардың жас аралығы – 4-6 сынып оқушылары(әр бағытқа сәйкес)
  • Әр қатысушыдан тек 1 жұмыс қана қабылданады.

 

  1. КОНКУРС НОМИНАЦИЯЛАРЫ
    • «Ең үздік эссе»
    • «Ең үздік өлең»
    • «Ең үздік ертегі»

 

  1. ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ
    • Конкурс онлайн-форматында өткізіледі.
    • Конкурсқа жіберілген жұмыстар 2022 жылдың 20 мамырына дейін қабылданады.
    • Жұмыстар MS WORD форматында, 14 шрифт, 1 интервал, сол жағы – 2 см, оң жағы – 2 см, асты – 2 см, үсті – 2 см. Документтің аты қатысушының фамилиясы, сыныбынан құралады. Мысалы: Б.Әліпбаев,4 сынып.docx
    • Жұмыстардың рәсімделуі. Жұмыстың бірінші бетінде қатысып отырған номинацияның атауы бас әріптермен ортадан реттеу арқылы, астына қатысушының аты-жөні, мектебі, сыныбы, астына ауданы, қаласы, ауылы ортадан реттеу арқылы жазылады. Екі жол төменнен шығарманың тақырыбы қоюланған түспен.

 

Мысалы:

ЕҢ ҮЗДІК ЭССЕ НОМИНАЦИЯСЫНА

Б. Әліпбаев, №55 мектеп, 4 сынып

Арал ауданы, .... елді мекені

 

«Қорыққа барған сәтімнен»

 

 

  • «Ең үздік эссе» номинациясы бойынша жұмыстар 1 беттен кем болмауы және 3 беттен артық болмауы тиіс. «Ең үздік өлең» номинациясы бойынша жұмыстар 4 жолдан тұратын 3 шумақтан кем болмауы тиіс. «Ең үздік ертегі» номинациясы бойынша жұмыстар 2 беттен кем болмауы, 10 беттен аспауы тиіс.
  • Әр номинация бойынша 2 оқушы марапатталады.
  • Ұйымдастырушылар баспасөзде, интернет-басылымдарда сайысқа ұсынылған жұмыстарды жариялауға, сондай-ақ фестиваль қатысушыларының авторлық құқықтарына сілтеме жасай отырып, көрмелерде, соның ішінде халықаралық деңгейде пайдалануға құқылы.
  • Ұйымдастырушылар (жұмыстарды қабылдау, жеңімпаздарды анықтау және марапаттау) күндерін ауыстыру құқығына ие.

  1. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМДЕРІ

5.1. Жұмыстар 2022 жылдың 20 мамырына дейін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасына қабылданады. Электрондық хаттың тақырыбында ӘДЕБИ КОНКУРСҚА деген белгілеуі болуы тиіс. Сонымен қатар, электрондық хатта хабарласа алатын байланыс нөмірі көрсетуі тиіс.

5.2. Конкурстың нәтижесі 25 мамырда Барсакелмес қорығының www.barsakelmes.kz сайтында және @barsakelmes39 Инстаграм парақшасында жарияланады.

5.3. Жеңімпаздарды марапаттау Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының кеңсе-ғимаратында 5 маусым күні жүргізіледі.

5.4. Қосымша ақпаратты +7 775 9 394 394 Алма, + 7 775 272 77 80 Жұлдыз, +7 775 155 16 63 Фариза байланыстары арқылы алуға болады.