Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының ұжымы барша қазақстандықтарды Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл – еліміздің егемендігін айқындайтын, ұлттық рухымызды асқақтатып, бірлігіміз бен ынтымағымызды нығайтатын айтулы мереке. Республика күні – тәуелсіздігімізді қадірлеп, туған жерімізге деген сүйіспеншілігімізді арттыратын ерекше күн.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Көк туымыз биікте желбіреп, Қазақстанымыз гүлдене берсін! Әр шаңыраққа бақ-береке, молшылық пен қуаныш орнасын. Еліміздің болашағы жарқын, келешек ұрпағымыздың алар асуы биік болсын!