Шексіз дала, тылсым табиғат, жабайы тіршілік әлемі… Барсакелместің әрбір тынысында табиғаттың қайталанбас сұлулығы жатыр. Ал сол байлықты қорғап жүрген жандар бар.
Олар — «Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері.
Табиғи аумақтарды күзету, заңсыз әрекеттердің алдын алу, жабайы жануарларды фототұзақтар арқылы бақылау, ғылыми зерттеулер жүргізу және экологиялық ағарту — олардың күнделікті еңбегінің бір бөлігі ғана.
Әрбір рейд, фототұзаққа түскен әрбір кадр, ғылыми бақылау мен табиғатты қорғауға бағытталған әрбір іс-шара — қорықтың бірегей биоалуантүрлілігін сақтауға қосылған үлес.
Табиғат үнсіз. Бірақ оның сақшылары әрдайым қызметте.