Көктемгі және күзгі кезеңде құрғақ шөпті өрттеу ауыр салдарға әкелуі мүмкін:
Өрттің бақылаудан шығуы – желдің әсерінен жалын әп-сәтте кең аумаққа таралады.
Табиғатқа орны толмас зиян – өсімдіктер жойылып, жануарлар мекенінен айырылады.
Жабайы тіршілікке қауіп – құстардың ұялары, аңдардың індері өртеніп кетеді.
Ауаның ластануы – түтін мен улы газдар адам денсаулығына зиян тигізеді.
Адам өміріне қатер – өрт салдарынан жарақат алу, улану және қайғылы жағдайлар орын алуы мүмкін.
Назар аударыңыз: Құрғақ шөпті өртеу – заңмен қатаң тыйым салынған!
Бұл әрекет үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік бар.
Ауланы тазалауда қауіпсіз әдістерді таңдаңыз.
Өрттің алдын алыңыз – отты қараусыз қалдырмаңыз.
Өртті байқасаңыз – 101 нөміріне дереу хабарласыңыз.
Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың міндеті!
Орман мен даланы бірге сақтайық!











