Құрғақ шөпті жағу – үлкен апаттың бастауы! Көктемгі және күзгі кезеңде құрғақ шөпті өрттеу ауыр салдарға әкелуі мүмкін: Өрттің бақылаудан шығуы – желдің әсерінен жалын әп-сәтте кең аумаққа таралады. Табиғатқа орны толмас зиян – өсімдіктер жойылып, жануарлар мекенінен айырылады. Жабайы тіршілікке қауіп – құстардың ұялары, аңдардың індері өртеніп кетеді. Ауаның ластануы – түтін мен улы газдар адам денсаулығына зиян тигізеді. Адам өміріне қатер – өрт салдарынан жарақат алу, улану және қайғылы жағдайлар орын алуы мүмкін. Назар аударыңыз: Құрғақ шөпті өртеу – заңмен қатаң тыйым салынған! Бұл әрекет үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік бар. Ауланы тазалауда қауіпсіз әдістерді таңдаңыз. Өрттің алдын алыңыз – отты қараусыз қалдырмаңыз. Өртті байқасаңыз – 101 нөміріне дереу хабарласыңыз. Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың міндеті! Орман мен даланы бірге сақтайық!