Көктем мен күз мезгілдерінде құрғақ шөпті өрттеу орны толмас зиян келтіреді:
Оттың тез таралуы – жалын санаулы минут ішінде орманға, үйлерге және шаруашылық нысандарына жайылуы мүмкін.
Жануарлар мен құстардың қырылуы – олардың ұялары мен мекендейтін орындары отқа оранады.
Экологияға зиян – ауаға улы заттар таралып, қоршаған ортаның ластануына әкеледі.
Адам өміріне қауіп – шөпті өрттеуден күйік алу, түтіннен улану, тіпті адам өліміне дейін апаратын жағдайлар жиі кездеседі.
Есте сақтаңыз: Құрғақ шөпті өртеу заңмен тыйым салынған! Бұл үшін айыппұл және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Қауіпсіз тазарту әдістерін қолданыңыз.
Өртті байқасаңыз, дереу 101 нөміріне хабарлаңыз.
Табиғатты бірге қорғайық! Орманды, туған жерді өрттен сақтайық!











