3 сәуір күні "Барсакелмес мемлекттік табиғи қорығы" РММ директоры Х.Қаниев Арал қаласындағы 220 мектеп оқушыларына «Таза Қазақстан – болашақ кепілі» тақырыбында мазмұнды түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында табиғатты қорғаудың маңызы, қоршаған ортаны таза ұстау әрбір азаматтың міндеті екені кеңінен айтылды. Сонымен қатар, жас ұрпақты туған жердің табиғатын аялауға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға, қоршаған ортаны ластамауға және экологиялық жауапкершілікті сезінуге шақырды.










