Бүгін оқушылар Барсакелмес мұражайына келіп, осы өңірдің бай табиғаты мен тарихымен жақынырақ танысты.
«Барсакелмес – құландар мекені» тақырыбында оқушыларға түсіндірме сабақтар жүргізілді. Мұнда сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер сақталған. Оқушылар құландардың тіршілігі, олардың табиғаттағы маңызы туралы қызықты мәліметтер білді.
Экскурсия барысында балалар қорықтың құрылу тарихын, Арал теңізінің өзгерістерін және экологиялық мәселелерді де талқылады. Бұл сапар олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін күшейтті.
Мұражайға саяхат барысында оқушылар құланның жылдамдығы мен төзімділігімен ерекшеленетін жануар екенін біліп, оның табиғаттағы ерекше рөлін тереңірек түсінді.