2026 жылдың 30 наурыз күні Арал қаласында «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» экологиялық акциялары аясында «Жасыл қала» атты көгалдандыру шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ортақ бастама жүзеге асырылды.
Шараның негізгі мақсаты – елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсарту, жасыл желектер санын арттыру, тұрғындар арасында табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыру және экологиялық жауапкершілікті күшейту болып табылады. «Таза Қазақстан» акциясы қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталса, «Парктер шеруі» акциясы табиғи аумақтарды қорғау мен көгалдандыру жұмыстарын жандандыруға бағытталған. Осы бастамалар аясында өткізілген «Жасыл қала» шарасы өңірдің көркеюіне және экологиялық ахуалдың жақсаруына өз үлесін қосты. 
Көгалдандыру жұмыстары барысында Арал қаласында қайың және қарағай көшеттері отырғызылды. Жасыл желектерді көбейту – ауаның сапасын жақсартуға, қала келбетін көркейтуге және қолайлы экологиялық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Іс-шараға Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері белсенді қатысып, көшеттер отырғызу және аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Қорық мамандары табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндіру бағытында да түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 
Мұндай экологиялық шаралар тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, жас ұрпаққа үлгі болады. «Жасыл қала» бастамасы – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі істердің бірі болып табылады және алдағы уақытта да жалғасын табады.