Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының экологиялық ағарту бойынша бас инженері А. Есенова «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында мектеп оқушыларына экологиялық танымдық сабақ өткізді.

Сабақ қорық мекемесінің көрме залында ұйымдастырылып, оқушыларға табиғатты қорғаудың маңыздылығы, қорық аумағындағы биоалуантүрлілік, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар қоршаған ортаны таза ұстау, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісіп, табиғатты қорғауға қатысты сұрақтарына жауап алды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық сананың қалыптасуына ықпал етеді.

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы алдағы уақытта да экологиялық ағарту бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыра береді.