«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» тақырыбында мекеменің фото-көрме залына танымдық саяхат ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында келушілерге қорықтың тарихы, бірегей табиғаты, сирек кездесетін өсімдіктері мен жануарлар дүниесі туралы кеңінен мәлімет берілді. Фото-көрме арқылы қатысушылар Барсакелмес аумағының табиғи ландшафттарымен, биоалуантүрлілігімен және табиғатты қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Танымдық саяхаттың мақсаты - жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру және қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын насихаттау.










