2026 жылғы 6 ақпанда «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ аумағында экологиялық туризмді дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті.

Кездесу барысында Арал өңірінің туристік әлеуеті, өңірде туризмді дамытудың өзекті мәселелері, инфрақұрылымды жетілдіру және инвесторлар тарту жолдары жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар табиғи аумақтардың бірегейлігін сақтай отырып, тұрақты туризм қағидаттарын енгізу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Іс-шара қатысушылары экотуризмді дамыту арқылы өңірдің табиғи байлығын сақтай отырып, туристер үшін тартымды әрі қауіпсіз бағыт қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Экотуризм – тек экономикалық мүмкіндік қана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырудың тиімді құралы екені айтылды.

Табиғатты қорғау – туризмді дамытудың басты қағидасы.