Ірі (ұзындығы метрге дейін, қанатын жайғанда бір жарым метрге дейін жетеді, салмағы 2–2.5 кг) жағы ақшыл, тұмсығы ілмекті қара құс. Жас суқұзғындардың денесінің төменгі жағы - күңгірт ақ. Суқұзғындарды Қазақстанның барлық жерінен кездестіруге болады, алайда оның солтүстік өңірлерінде олардың ұя салуы тұрақсыз және сирек. Үлкен суқұзғын кез келген су қоймаларында өмір сүреді, өмір сүруге қажетті жалғыз шарты - оның негізгі қорегі балықтардың болуы. Шоғыр түзетін құс, ұяларын түрлі-түрлі етіп орналастырады. Жерге қамыс пен саздан төбесінде ойығы бар бағанша жасайды, сондай-ақ жығылған қамысқа жартастарға және тіпті ағаштарға ұясын орналастырады. Көбінесе бірқазан, жалбағай, құтан және т.б. құстармен ортақ шоғыр түзеді. Шоғырдағы суқұзғындар, әсіресе олардың балапандары ағаштардың басында қанаты, мойны және құйрығының жәрдемімен, бұтақтарға оңай өрмелейді. 3-5 жұмыртқаны ата-енелері бір ай бойы басады. Балапандарды ауланған бөтегесінде шала қорытылған балықпен қоректендіреді. Ересек құстар күніне кейде 2 кг дейін балық жейді. Ұядан ұшқан жас балапандар топқа жиналып, азыққа бай суқоймаларына ұшып кетеді. Суқұзғындар наурызда ұшып келіп, қазанда ұшып кетеді. Сырдариядан олардың шағын мөлшерін қыста да көруге болады.

 

P.s. мәліметтер Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының биоалуантүрлілігіне мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардан алынған

 

#Барсакелмес_МТҚ
#Барсакельмесский_ГПЗ
#БМТҚ_жануарларəлемі_айдары
#рурика_животныймир_БГПЗ