Мен – орманшы
Мен – орманшы.
Бұл сөздің астарында табиғатқа деген сүйіспеншілік, туған жердің әр бұтасы мен ағашына деген жауапкершілік, төзім мен адал еңбек жатыр.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының мемлекеттік инспекторы Әбдікеров Таймұрат Өмірсерікұлы – осындай еңбегімен елге үлгі болған орманшының бірі.
Ол 1991 жылы Қызылорда облысы, Жаңақұрылыс елді мекенінде дүниеге келген. Табиғатты аялау арманымен 2012 жылы “Орман шаруашылығы” мамандығын тәмамдап, келесі жылы, яғни 2013 жылдан бастап Барсакелмес қорығында еңбек жолын бастаған.
Бүгінде Таймұрат Өмірсерікұлы – өз ісінің шебері, туған табиғатты қорғауда аянбай еңбек етіп келе жатқан білікті маман. Оның күнделікті еңбегі – орманды, жан-жануарлар дүниесін қорғау, табиғат тынысын сақтау.
Орманшының еңбегі – көзге көп көрінбесе де, жердің жасыл жүрегін соқтырып тұрған үлкен күш.