Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Орманшылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Орманшылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Орманшы болу — жай ғана мамандық емес, бұл — табиғатқа деген махаббат пен жанашырлықтың белгісі. Табиғатты аялау, орманды күтіп-баптау, өрттен, заңсыз кесуден қорғау — бұл сіздердің күнделікті күрделі де жауапты жұмыстарыңыз.
Сіздердің жанкешті қызметтеріңіздің арқасында ормандарымыз өркендеп, экожүйе сақталып, табиғи байлығымыз молаюда. Әр отырғызылған ағаш, әр аман қалған тіршілік иесі – сіздердің өлшеусіз үлестеріңіздің жемісі.
Табиғатты сақтау — ұлтқа қызмет етудің бір үлгісі. Орманды өрттен қорғау — ел болашағына қорған болу.
Осындай маңызды қызметті абыроймен атқарып жүрген сіздерге зор алғысымызды білдіреміз. Табиғатпен етене еңбек етіп, жасыл әлемге жан беріп жүрген сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасы амандығын, еңбектеріңізге сәттілік, алға қойған мақсаттарыңызға жетулеріңізге тілектеспіз!
Жасыл табиғатымыз жайқалып, еліміз гүлдене берсін!