Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы табиғатты қорғау және экологиялық білім беру жұмыстары аясында тағы бір маңызды іс-шара өткізді. Бұл жолы танымдық далалық сабақ Қарашалаң елді мекенінің мектеп оқушылары үшін ұйымдастырылды.

Сабақ барысында балалар қорықтың флорасы мен фаунасының әртүрлілігімен, сирек кездесетін және қорғауға алынған түрлерімен танысты. Оқушылар назарына ерекше экожүйелердің бірі — көл маңында мекендейтін құстар әлемі ұсынылып, олардың тіршілік ету ортасы мен маңызы туралы толық ақпарат берілді.

Іс-шараның мақсаты — жас буынның табиғатқа деген жауапкершілік сезімін ояту және биоалуантүрлілікті сақтау жөнінде терең түсінік қалыптастыру.

Осындай далалық сабақтар табиғатпен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беріп, балалардың экологиялық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.