Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО тарапынан берілген халықаралық сертификатқа ие болды.

Бұл марапат – табиғи экожүйені сақтау, биоалуантүрлілікті қорғау және тұрақты даму қағидаттарын ұстанудағы қорық ұжымының жүйелі жұмысының нәтижесі.

Болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтау – басты мақсатымыз. Осы жолда жасалған әрбір еңбек халықаралық деңгейде бағаланып жатқаны – біз үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік.