27 қыркүйек – Халықаралық туризм күніне орай Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында мектеп оқушыларының қатысуымен танымдық-экологиялық іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға қорықтың тарихы, ерекше табиғи байлығы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің алуан түрлілігі жайында жан-жақты мағлұмат берілді, экотуризмді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылып, табиғатты қорғау мәдениетінің маңызы ерекше атап өтілді.

Сонымен қатар, оқушыларға қоршаған ортаны қорғау ережелері түсіндіріліп, табиғатты сақтау мен экотуризмді дамытудың болашақ ұрпақ үшін маңызы ерекше екендігі айтылды.

Балалар өз ойларын ортаға салып, табиғатты қорғауға байланысты сұрақтарға белсенді жауап берді.Халықаралық туризм күні аясында өткізілген танымдық шара экологиялық білім беруді нығайтып қана қоймай, табиғатты қорғау – барша қоғамның ортақ ісі екенін тағы да дәлелдеді.

Экотуризм – табиғат сұлулығын тамашалаумен қатар, оны қорғауға үйрететін игі жол.