Ауа райының қатты ысып, желді әрі құрғақ болуы себепті орман мен далада өрт шығу қаупі айтарлықтай артты. Бір ғана сөндірілмеген темекі тұқылы немесе абайсыз жағылған от жүздеген гектар жерді жалынға орап, табиғатқа, жануарлар дүниесіне және адамдардың өміріне үлкен қауіп төндіруі мүмкін.

Осыған байланысты әрбіріміз сақтық шараларын қатаң ұстануымыз қажет:
Орманда және далада от жақпаңыз;
Сөндірілмеген темекіні, сіріңкені тастамаңыз;
Әйнек, шөлмек сияқты күн сәулесін үлкейтетін қоқысты қалдырмаңыз;
Өрттің алғашқы белгілерін байқасаңыз – дереу «101» немесе «112» нөміріне хабарласыңыз.

Есіңізде болсын: өрттің алдын алу – әр азаматтың қолында. Бір сәттік бейқамдық үлкен апатқа әкелуі мүмкін.