Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы "2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында қызметкерлер арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – ұжымдық рухты көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау және қызметкерлер арасындағы ынтымақтастықты арттыру болды.

Қызметкерлер төмендегі спорт түрлерінен бақ сынасты:
♟️ шахмат
🎲 дойбы
💪 қол күрес
- арқан тартыс

Жарыс тартысты өтіп, жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды. Бұл шара қорық ұжымының бірлігін нығайтып, спорт пен еңбекті ұштастырудың үлгісіне айналды.