Қаратерең елді мекенінде оқушылар мен жасөспірімдер арасында жасыл шеру ұйымдастырылып, шеру соңында жергілікті саябақта тазалық және жасыл желектерді суару шаралары жүргізілді. Қаратерең ауылының тұрғындары және мемлекеттік мекемелерінің қатысуымен ауыл маңына ауқымды тазалық жұмыстары іске асырылды.