Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы және Ырғыз - Торғай МТР бірлескен іс - шаралары аясында Арал ауданының арнайы орта білім беру ұйымдарында танымдық сабақтар өтті.
Іс - шара барысында Арал көпсалалық колледжі және Арал индустриалды - техникалық колледжінде “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың маңызы”, “Ырғыз - Торғай мемлекеттік табиғи резерватының биоалуандығы”, “Киіктерді қорғаудың маңызы” тақырыптарында түсіндірме жүргізілді.