Республикалық «Парктер шеруі - 2025» табиғат қорғау акциясы аясында “Құстарды бақылаудың көктемгі декадасы бойынша оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс - шараға Жаңақұрылыс, Қаратерең елді - мекендерінің мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты.
Естеріңізге салсақ, қорық аумағында 250 түр құстарды кездестіруге болады. Оның 33 түрі Қызыл кітапқа енгізілген және 17 түрі индикаторлық түр болып табылады.