Ірі түрлерінің (тундра) денесінің ұзындығы 140 мм дейін, құйрығы - 43 мм (21,5 – 33.3% денесінің ұзындығынан); кіші түрлері (шөлді) 115 мм дейін және 24 мм (24-28%). Басқа түрлерге қарағанда көздері жақын орналасады. Артқы аяқтарынында 6 табан бөліктеріне бөлінген. Денесінің үстіңгі бөлігінің түсі қоңыр-сұр, төменгі бөлігі қою-сұрдан сарғыш-сұрға дейін.
Тіршілік ету ортасы алуан түрлі, бірақ ылғалдырақ жерлерді, ал өңделетін жерлерде - көпжылдық шөптердің егістіктерін жақсы көреді. Колонияларда тұрады, күрделі шұңқырлар жасайды және жартылай жерасты өмір салтын жүргізеді.
Әдетте кешкі және түнге уақытта белсенді. Шырынды шөптесін өсімдіктермен, сондай-ақ мәдени және жабайы өсімдіктердің дәнімен, тұқымдарымен, пиязшықтарымен және тамырсабақтарымен қоректенеді. Қысқа үлкен қорлар жасайды. Көбею жылы маусымда жүреді, ал тундрада ол қыстың соңында, қар астында басталады. Жылдам дамуымен (әсіресе солтүстік формаларда) және ерте жыныстық жетілумен сипатталады.