«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ - сі 18 сәуір «Халықаралық тарихи орындар мен ескерткіштер күніне» орай «Арал өңірінің туристік потенциалы» атты дөңгелек столын ұйымдастырды.


Аталмыш іс - шараға ауданымыздың бірқатар мекемелері қатысты - Арал ауданының дене тәрбиесі спорт және туризм бөлімі, "Арал теңізі" қоғамдық бірлестігі, аудандық Оқушылар үйінің “Өлкетану және туризм” үйірмесі.


Іс - шара барысында - Арал өңірінде туризмді дамыту, ескерткіштер мен тарихи мекендер қорғау және дәріптеу, жас жеткіншектерді табиғатқа баулу мәселелері талқыланды.