Көктем мен күз мезгілдерінде құрғақ шөпті өрттеу орны толмас зиян келтіреді:

 

🚒 Оттың тез таралуы – жалын санаулы минут ішінде орманға, үйлерге және шаруашылық нысандарына жайылуы мүмкін. 

🌿 Жануарлар мен құстардың қырылуы – олардың ұялары мен мекендейтін орындары отқа оранады. 

🌍 Экологияға зиян – ауаға улы заттар таралып, қоршаған ортаның ластануына әкеледі. 

⚠️ Адам өміріне қауіп – шөпті өрттеуден күйік алу, түтіннен улану, тіпті адам өліміне дейін апаратын жағдайлар жиі кездеседі. 

 

❗ Есте сақтаңыз: Құрғақ шөпті өртеу заңмен тыйым салынған! Бұл үшін айыппұл және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. 

✅ Қауіпсіз тазарту әдістерін қолданыңыз. 

✅ Өртті байқасаңыз, дереу 101 нөміріне хабарлаңыз. 

 

Табиғатты бірге қорғайық! Орманды, туған жерді өрттен сақтайық!