26 наурыз - Арал теңізі күніне орай ҚР Халықаралық Аралды құтқару қорының ұйымдастыруымен «Арал өңірінің тәжірибесі, бүгінгі заман және болашағы» атты дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстелге Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының директоры Қаниев Хамит Мәмбетқалиұлы және экологиялық ағарту бойынша бас инженер А.Есеновалар қатысты.
Іс-шараның мақсаты - Арал өңірінің қазақстандық бөлігінде экологиялық қауіпсіздікті арттыру, адами капиталды арттыру бойынша жоспарланып отырған іс-шаралардың өзекті аспектілерін қарастыру және талқылау.
Сонымен қатар, мекеме директоры Х. Қаниев «Барсакелмес қорығына 85 жыл: биоәртүрлілік пен тұрақты дамудың кепілі» тақырыбында баяндама оқыды.