Шығыс айдаһаршасы (лат. Eryx tatarіcus) - Арал маңынан Зайсан қазаншұңқырына дейінгі аралықтағы құрғақ далалы, шөлейтті, шөлді өңірде кездеседі.

Олардың ұзындығы 80 - 90 см, түсі қоңыр, бауыры қара қоңыр не қара дақты болады. Жылына бір рет 10-20 ұрпақ береді. Кейбірі жұмыртқа салып, кейбірі тірі туып көбейеді.

Түнде тіршілік етеді. Күндіз кемірушілердің ініне, не-месеқұмға еніп жасырынып жатады. Ұсақ рептилилермен, саршұнақтармен, қосаяқтармен қоректенеді.

Айдаһар - улы жылан емес.

Айдаһар кейде «аждаһа» деп аталып, халықтың қиял-ғажайып ертегілері мен аңыздарында аузынан жалын атқан көп басты, қанатты, үлкен «жыртқыш жылан» түрінде суреттеледі.