Бүгін - Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының құрылғанына 85 жыл!

 

1939 жылы Қазақ ССР Халық Комиссарлар Кеңесінің №973 шешімі бойынша қорық статусы берілген.

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының негізгі мақсаты - құлан, қарақұйрық, ақбөкендердің популяциясын қалпына келтіру мен сақтау, шөлейттенген өңірлердің биоалуантүрлілігінің қайта қалпына келуіне мониторинг жүргізу.

2016 жылдың 19 наурызында ЮНЕСКО - ның «Адам және биосфера» бағадарламасы бағыттаушы кеңесінің 28 - ші сессиясы шешімімен Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы РММ - і негізінде құрылған Барсакелмес биосфералық резерваты ЮНЕСКО биосфералық резерваттарының Әлемдік жүйесіне енді.

Қорықтың «Дельта» учаскесі 2012 жылдың 12 қазанында халықаралық статус алған, Рамсар конвенциясының тізіміне енген Кіші Арал теңізі мен Сырдария өзенінің сағасындағы 330 га құрайтын маңызды сулы-батпақты өңірлерге жатады.

2023 жылдың қыркүйегінде Барсакелмес қорығы «Тұран шөлдері» номинациясында ЮНЕСКО - ның Әлемдік және мәдени мұрасы мәртебесіне ие болды.