2024 жылдың 29 қыркүйек күні Қазақстанда Еңбек күні атап өтілді.
Қыркүйектің соңғы жексенбісінде елімізде Еңбек күні болып жарияланған. Бұл күні Қазақстанды дамыту жолында ерен еңбек еткен, оны жаңа жетістіктерге жетелеген мамандарға құрмет көрсетіледі.
Бұл - әулеттің өнегелі дәстүрін жалғастырып, кәсіби тұрғыдан өсуге ұмтылған үлгі боларлық адал азаматтың мерекесі.
Мереке құтты болсын! Толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! Әр салада кәсіби біліктілік пен мамандыққа адалдықтың шынайы үлгісін көрсетіп жүрген Сіздердің ерен еңбектеріңіз қандай құрметке болса да лайық!
Еңбек күніне орай, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының бас директорының алғыс хатымен мекеменің қоғаммен байланыс маманы - Жұлдызай Қалдығұлова және кеңсе менеджері Гүлдәурен Байжанова марапатталды! Сәттілік Сіздердің серіктеріңіз болсын!