Жыл сайын 5 маусым күні атап өтілетін Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні Жер планетасының әрбір тұрғынын бей-жай қалдырмауы қажет.
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні 1972 жылдың маусымында қоршаған орта проблемалары жөніндегі Стокгольм конференциясының қарарына сәйкес бекітілді. Біріккен Ұлттар Ұйымының тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін мерекенің мақсаты - қоршаған ортаның айтулы проблемаларына әлемдік қауымдастықтың назарын аудару және адамзат баласының қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін ояту болып табылады.
Бүгінгі атаулы күні Сіздерге табиғат қорғау саласындағы еңбектеріңізге мол жетістік және нәтижелі болуын тілейміз.