Жаңалықтар
27 шілде күні Қазақстан Республикасы Премьер-министрі А. Маминнің бастамасымен басталған #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы аясында Қамбаш көлі маңын қоқыстан тазарту үшін сенбілік жұмыстары жүргізілді.
24 шілде күні Қызылорда облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың бастамасымен Арал ауданында республика бойынша өтіп жатқан #Birge#TazaQazaqstan экологиялық акциясы өтті.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелерін сайлау (бұдан әрі - Жұмыс тобы) туралы конкурсты өткізу туралы хабарландыру
Үстіміздегі жылдың 12 шілде күні «Балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС Арал филиалының ұйымдастыруымен өткізілген «Тауарлы балық шаруашылығын дамыту мүмкіндіктері» ғылыми – практикалық семинарынды мекеме директоры З. Алимбетова «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС 90-жылдығына арналған төс белгімен марапатталды.
2019 жылдың 26 маусым күні Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ және Қызылорда облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі бойынша инспекциясының ұйымдастыруымен «Арал теңізі өңіріндегі экологиялық туризмді дамыту жолдары» тақырыбында дөңгелек стол өтті.
«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен Қазақстан Республикасындағы Аралды құтқару қорының ұйымдастыруымен «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының мүшелеріне «Арал – 2019» ғылыми – танымдық экспедициясын ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Парктер шеруі» республикалық табиғат қорғау акциясын өткізу туралы бұйрықтар мен ережелеріне сәйкес 2019 жылдың наурыз-маусым аралығында «Парктер шеруі-2019» атты табиғат қорғау акциясы ұйымдастырды.