2023 жылдың 10 наурызында Арал ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Жергілікті нысандарға саяхат" атты облыстық семинар өтті. Іс-шара барысында семинарға қатысушылар Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығымен таныс болды. Мекеменің экологиялық ағарту инженері А.Есенова қорықтың маңызы, биоалуантүрлілігі және жергілікті білім ошақтарымен байланысы туралы баяндап, республика бойынша жүргізілетін "Парктер шеруі" табиғат қорғау акциясына аса тоқталды.