Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы экологиялық ағартушылық және табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстары аясында Жаңақұрылыс елді мекенінің мектеп оқушыларына арналған танымдық далалық сабақ ұйымдастырды.

 
Іс-шараның негізгі тақырыбы — «Биоалуантүрлілікті сақтау». Сабақ барысында оқушылар қорықтың табиғи экожүйесімен, онда мекендейтін өсімдіктер мен жануарлардың алуан түрлілігімен танысты. Сонымен қатар, көл жағалауында мекендейтін құстардың түрлеріне ерекше назар аударылып, олардың тіршілік ету ерекшеліктері мен табиғаттағы маңызы туралы мағлұмат берілді.
 
Қорық қызметкерлерінің айтуынша, мұндай танымдық шаралар өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатты аялауға тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.