1 сәуір - Халықаралық құстар күні

Халықаралық құстар күні 1906 жылы Құстарды қорғау бойынша конвецияның бекітілуінен кейін атап өтіле бастады. Оның негізгі ережелері ұя салу және мекенді ауыстыру кезінде құстардың барлық түрлерін қорғауға, жойылып кету алдында тұрған құстар түрлерін ұдайы қорғауға; аң аулаудың белгілі бір түрлеріне тыйым салуға немесе шектеу қоюға; құстарды көбейту үшін қорықтарды құруға және экологиялық білім беруге бағытталған.

🔹Әдеби деректерге және біздің бақылауымызға сәйкес, қорық аумағында жылдың әр мезгілінде 17 отряд пен 50 тұқымдасқа жататын құстардың 250-ге дейін түрі кездеседі, оның ішінде 77 түрі ұя салады. Құстар популяциясының негізгі бөлігін сулы-батпақты алқаптар кешенінің өкілдері (70%) құрайды, аз дәрежеде шөл (20%) және тоғай (10%) экожүйелерінің тұрғындары. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген 33 түрі бар. Аумақта құстардың 17 түрі көрсеткіш құстар ретінде анықталған. Негізгі және индикаторлық түрлер ұзақ мерзімді бақылау объектілері болып табылады.

2020 жылы қорық аумағы сулы-батпақты алқап болып табылатын Дельта 3 кластер учаскесін қосу арқылы кеңейтілді. Бұл аймақтың ақбас үйрек пен аққұйрықты субүркіт ұя салатын жері, ал іргелес жатқан шөлейт, қылқұйрық, ақбауыр және қарабауыр бұлдырықтартарға ұялау ретінде маңызы зор. Сулы-батпақты жерлер (әсіресе таяз сулар) қоқиқаздардың, жалбағайлардың, бұйра және қызғылт бірқазандардың қоныс аударатын жерлері және демалу, қоректену орындары ретінде маңызды рөл атқарады.