Халықаралық құстар күні 1906 жылы Құстарды қорғау бойынша конвецияның бекітілуінен кейін атап өтіле бастады.
Оның негізгі ережелері ұя салу және мекенді ауыстыру кезінде құстардың барлық түрлерін қорғауға, жойылып кету алдында тұрған құстар түрлерін ұдайы қорғауға; аң аулаудың белгілі бір түрлеріне тыйым салуға немесе шектеу қоюға; құстарды көбейту үшін қорықтарды құруға және экологиялық білім беруге бағытталған. Осы орайда, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының ұйымдастыруымен құстар тақырыбында түрлі іс-шаралар өткізіледі, олар құстарға ұя салу акциясы, қорықтың орнитофаунасымен танысу бойынша эко-сабақтар мен танымдық серуендер. Сонымен қатар, қорықтың ғылыми зерттеу жұмыстары негізінде "Барсакелмес қорығындағы Қызыл кітапқа енгізілген құстар" тақырыбы бойынша зерттеулер жүргізіледі.
Бүгінде Барсакелмес қорығының аумағында 250-ге жуық түрлі құстарды кездестіруге болады. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгізілген 33 түр және индикаторлық 17 түр бар.