Қасқалдақ

Fulica atra  

 

Көлемі кішкене үйректей қара құс (600-900 г), маңдайында ақ тері қатпары болады. Кейде мыңқылдап қысқа айқайлайды. Солтүстік Африкада, Еуразияның көп бөлігінде, Жаңа Гвинеяда, Австралияда және Тасманияда мекендейді. Қазақстанда таулардан басқа, жағалауында өсімдіктер бар ақпайтын немесе жай ағатын суайдындары бар жерді мекен етеді. Жеке жұп болып, бірақ бір-бірінен алыс емес қоныстанады. Ұялары қамысқа жапсырылған да, сабақтар арасында еркін жүзетін күйінде де бола береді. Олардың ерекшелігі – қамыстың сабағы мен жапырақтарынан құс ұясына түсетін басқыштарының болуы. 5-12, көбіне 7-9 сұр құм түстес, қоңыр және күлгін сызықтары мен дақтары бар жұмыртқаны аналығы мен аталығы кезектесіп басады. Қасқалдақ негізінен өсімдіктермен қоректенеді, бірақ омыртқасыздарды да сүйсініп жейді. Қамыстар арасында түлегеннен кейін ересектері және балапандары қатайғаннан кейін қасқалдақтар көлдер мен өзендердің ашық алаңдарында үлкен топқа жиналады. Қазақстанда наурыздың соңынан қазанның соңына дейін болады.

 

 

P.s. мәліметтер Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының биоалуантүрлілігіне мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардан алынған

 



#Барсакелмес_МТҚ
#Барсакельмесский_ГПЗ
#БМТҚ_жануарларəлемі_айдары
#рурика_животныймир_БГПЗ